Саулықтар мен төлдерге қандай азық берген дұрыс?

Қой саулықтарын дұрыс азықтандыру ұсақ мал тұқымының дені сау болуы үшін өте қажет. Сондықтан мал шаруашылығында саулықтардың азығын берудің арнайы нормалары бар. Бұл нормаларды жасаған кезде ғалымдар олардың ерекшеліктеріне назар аударады. Мәселен, саулықтар күйлеген кезде, буаз кезінде және төлі бар кезінде түрлі азыққа мұқтаж. Бұл туралы толығырақ материалымызда айтатын боламыз, деп жазады agroqogam.kz тілшісі.

Буаз саулықтарды дұрыс азықтандыру арқылы олардың төлдегеннен кейінгі сүтінің мол болуына қол жеткізуге болады. Сондай-ақ енесінің дұрыс азығы төлдерінің де мықты немесе әлжуаз болуына әсер етеді.

Саулықтардың физиологиялық қажеттіліктеріне сай арнайы нормалар жасалған. Бұл нормаларды ұстану буаз саулықтардың бұлшықеттері  мен өзге де жұмсақ тіндерінде, терілері мен майларында резервты құнарлы заттардың болуына сеп болады. Ал олар, өз кезегінде, энергетилық зат алмасу мен төлдеу кезіндегі лактацияның тиісті деңгейде болуына әсер етпек.

Айта кету керек, қой саулықтарының буаз кезінде нормаға сай азықтанбауы төлдердің де сапасына, өзінің сүттілігіне және жүнінің өнімділігіне де кері әсерін тигізеді. Алынатын жүннің көлемі азаяды, жүн талшықтары жіңішкелене түседі, мұның барлығы өнім сапасының нашарлауына әкеледі.

Буаздықтың үшінші кезеңінде қойларға берілетін құрғақ жем көлемін 1 келіге дейін арттыру қажеттілігі туындайды. Оған қоса өзге де берілетін құнарлы заттар көлемін арттыру ұсынылады. Буаздықтың бірінше аптасында қой рационында сабанды, құнарлылығы төмен шөп, силос және концентрацияланған жемнен азғантай беруге болады. Ал екінші бөлігінде жақсы, сапалы шөпті, шөп ұнын және концентраттарды берген абзал. Малға берілетін азық рационын силоспен түрлендірген кезде мал азығының фосфорлы болуына мән берген жөн. Бұл олардың төлдегенннен соң түрлі асқынулардың орын алуына жол бермейді, сонымен бірге жатырының түсіп кетуінен сақтайды.

Саулықтар төлдегеннен кейін де босаңсымағаныңыз дұрыс болады. Себебі жаңа туған төлі бар малға ерекше күтіп жасау қажет. Олар қуатты азыққа мұқтаж, оның ішінде протеин, көмірсуларға, майлар мен микро-, макро элементтер мен дәрімендерді қажет етеді. Саулықтарды дұрыс азықтандырмаудың салдарынан олардың сүті азайып, азып кетеді. Жүнінің өсуі тежеліп, оның сапалық көрсеткіштері түседі. Сүтті қойлардың нормасы малдың салмағына сай таңдалады. Сонымен бірге көмірсулы азыққа барынша назар аударған жөн. Буаз қойлардың рационына қарағанда, төлді малдардың азығында жасұнық көп болуға тиіс (24-27% құрғақ затқа 22-24%). Жеңіл ферменттелетін көмірсулардің мөлшері (қант-крахмал) де буаз бен төлді саулықтарда бірдей болуға тиіс (қантпротеинге қатысты 05-06 қатынастағы глюкозаға қайта есептегенде 16-22%-ға 16-18% болуға тиіс). Ал құрамында азоты бар заттарды қолдансаңыз, онда жеңіл ферменттелетін көмірсулардың қажеттілігі артады.

Малдың төлдеуінің алғашқы 6-8 аптасы мал қорада бағатын уақытқа тап келеді. Дәл осы уақытта қой саулықтарына көбірек сапалы, әсіресе ұсақ жапырақты шөп түрін берген құпталады. Мәселен ұсақ жапырақты шөп – 1,-1,5 кг болса, силостан 3-4 кг, сабаннан 0,3-0,5 кг, ал концрентрацияланған жем – 0,3-0,5 кг болғанын қадағалаңыз. Бұл құрғақ зат арқылы қуаттылықты реттеп отыру.

Егер лактация кезеңінің алғашқы апталары жайылымда болса, онда оларға жайылымдық шөпке қосымша концентрацияланған жем беріп, азықты түрлендіру қажет. Лактацияның екінші кезеңінде олар күніне 8-9 кг шөп жейді. Бұл олардың құнарлы затқа қажеттілігін толығымен өтейді.

Буаз және төлді саулықтар секілді төлдердің де арнайы есептелген азық нормалары бар екенін ұмытпаған жөн. Олардың азық нормалары тлдің жынысына, жасына, өсу қарқыны мен жүнінің өнімділігіне, сондай ақ тұқымдық ерекшеліктеріне қарай жіктелген.

Бір айлық қозылардың азықтану деңгейі саулықтарының сүттілігіне тікелей байланысты. Ал екі айлығынан бастап оларға қосымша азық беруге болады.

Бұршақты, астық және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шөбін, ұсақталған арпа мен жұқартылған сұлы қоспаларын немесе арнайы комбижемдерді қозыға бір апталығынан бастап берген дұрыс саналады.

Еметін қозыларға арналған комбижемдің құрамында қорытылатын протемн мөлшері 1 азықтық бірлікке 130-125 г болуы керек. Қозылар бір айлығында 40 г, екі айлығында 100 г концентрат, 150-200 г шөп пен 200-250 г силос, сәйкесінше үш айлығында 150, 200-250 және 250-300 г шқп пен силосты қажет етеді. Төрт айлығында 250, 300-400 және 500-800 г жем мен силос қажет. Ал көктем-жай айларында оларға қосымша жақсы жайылыммен қамтамасыз еткен дұрыс. Бұл ретте олар шөп пен силосты 09; 1,6 және 2,5 кг көк шөп алмастырады.

Емшектен ерте ажыратылған (45-60 күнінде) қозыларды арнайы комбижемдердің көмегімен өсіруге болады. 61-90 күндік қозыларға берілетін азықтың құрамындағы қорытылмалы протеин 15-16% болса, 91-120 күндіктерде 12,5-13,5% болуы керек. Комбижемдерден бөлек, қорада ұстайтын қозылар бұршақты, астық тұқымдас шөптерді, силос және тамыр-түйнекті жемісті өсімдіктер берсе, жазғы уақытта жайылымда ұстайды.

Емшек сүтінен ерте ажыратылған қозыларды асырап-бағудағы үздік нәтижеге жету үшін олардың азығындағы құнарлы әрі қуатты концентрацияланған жемдердің үлесі 55-60% болғанын қадағалау керек. Тағы бір есте сақтайтын дүние: қойларға азықты таза ауада берген дұрыс. Ауа райы тым қолайсыз болғанда ғана, оларды қорада азықтандырады. Бұл қойлардың денсаулығының мақты болуына және олардың өнімділігінің артуына әсер етеді. Тек қана қорада ұстау олардың ағзасын әлсіретіп, тұмау секілді ауруға шалдығу ықтималдылығын арттырады.

Көптеген елдердің ауыл шаруашылығында қозылардың 4-8 айлығы жайылымдық кезеңге сәйкес келеді. Қозылардың тәуліктік салмақ жинауы 120-150 г болады. Бұл нормаға жету үшін жақсы жайылымдар мен концентрацияланған жемдер қажет. Бір бас ұсақ малға 2-3 кг концентрацияланған жем бөлу керек. Ал 8-12 айлығы қорада ұстау кезеңіне тұспа-тұс келеді. Жақсы азық берудің арқасында тәуліктің салмақ қосу деңгейін 100-120 граммға жеткізуге болады. Мұндай салмаққа жету үшін 0,8-1 кг жақсы шөп, 2-2,5 кг силос және 0,2-0,3 кг концентрацияланған жем берсе, жеткілікті. Ал асылтұқымды малдар үшін 0,4-0,5 кг жем беру керек.

Аталған жем түрінің оңтайлы мөлшері энергетикалық құндылықтан 45-50 пайызға тең болғаны дұрыс.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы

Алматы облысы,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.