Еліміздегі күріш өндірісі 7%-ға дейін төмендеді

Фото Kazakhstan Today

2021 жылғы қаңтар-сәуір айы аралығында елімізде 71,1 мың тонна күріш өндірілген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 7%-ға төмен. Еліміздегі күріш өсіруші басты өңірлер – Қызылорда мен Түркістан облыстарында күріш егістіктерінің көлемі биыл да азаяды, деп хабарлайды energyprom.kz басылымына сілтеме жасаған Agroqogam.kz

Өткен жылы Қызылорда облысында жылына 61,6 мың тонна күріш алынған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 14,2%-ға аз. Тағы 5 мың тонна Түркістан облысында, 4,4 мың тонна күріш Алматы облысында өндірілген.

Тұтас алғанда, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында күріш өндірісі 199,4 мың тоннаға тең болған. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 38,3 %-ға көп болғанын атап өткен жөн.

Күріш нарығы тұтастай жергілікті компанияларға тиесілі. Ағартылған және жарылған күріш  сұранысының  97,4%-ын қазақстандық өндірушілер өтеп отыр (бір жыл бұрын біл көрсеткіш 96,3%-ға тең болған). Ал күріш импортының үлесі тек 2,6%-ды құрайды.

Аталған ресурстар экспортының үлесі былтыр 44,4% – ға тең болса, биыл бұл көрсеткіш 50,8%-ға артып отыр. Сыртқы нарыққа биылдың өзінде 27,2 мың тонна күріш жөнелтілген. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артық.

Дегенмен, ішкі нарыққа сатылған күріш көлемі 26,4 мың тоннаны құрап, 15,7%-ға кеміп отыр.

ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл Түркістан облысында күріш дақылы көлемі 97,6 мың гектар болатын егістікке егілмек. Бұл 2020  жылмен салыстырғанда 6,4 мың гектарға кем. Ал Қызылорда облысында күріш егуге  75 мың гектар жер бөлініп отыр.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстаннан шетелге күріштің барлық түрі бойынша  құны 7,9 млн АҚШ долларға татитын 27,9 тонна өнім жөнелтілді. Экспорттың табиғи өсімі 7,8% болса, ақшалай өсімі 10,4%-ды құрады.

Экспорттың көп бөлігі ТМД елдеріне жүзеге асырылды. Аталған елдерге жалпы құны 7,5 млн АҚШ долларына тең  27,2 мың тонна күріш сатылды. Әсіресе, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдеріне күріш көп жіберілді.

Ал өзге елдерге 381,3 мың АҚШ долларына 685,9 мың тонна дақыл экспортталған. Бұл тұста, күріштің көп бөлігін, яғни 269 мың АҚШ долларына 511 мың тонна күрішті Моңғолия сатып алды.

Қазақстанның ішкі нарығында мамыр айында күріштің бір килограммы 366 теңгеден сатылды.

Ең қымбат баға Ақтауда тіркелді. Аталған өңірде күріштің бір келісін 463 теңгеге алу болады. Ал ең арзан баға Петропавл өңірінде тіркеліп отыр. Онда дақылдың келісінм 288 теңгеге сатқан.

Сәуір айының қорытындысы бойынша еліміздегі күріштің жылдық бағасы 1,5%-ға арзандағанын байқауға болады.

Десе де, кей өңірлерде оның бағасы аспандап кеткенін де айтып өткен жөн.

Мәселен, Манғыстау облысында аталған дақыл бір жылдың ішінде 6,5%-ға, Қарағанды облысында 6,1%-ға, елордада 5,1%-ға, Түркістан облысында  0,8%-ға, Ақтөбе облысында на 0,1%-ға қымбаттаған. Ал Қызылорда облысында күріш бағасы бірден 10,7%-ға бір-ақ арзандаған.

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.