Егіз төл — қой шаруашылығындағы ет өнімін арттыруға сеп болатын басты фактор

Етті қой шаруашылығымен айналысатын кез келген шаруа қой етінің сапалы болуына үлкен мән береді. Бұл ретте қандай критерийлерге мән берген жөн, саулықтар қой етінің сапасына қалай әсер етеді, қой тушасында еттің үлесі жоғары болу үшін не істеу керек, етті бағыттағы қой шаруашылығын қалай арттыру керек сынды сұрақтарға жауап береміз, деп хабарлайды agroqogam.kz.

Қой тушасындағы ет үлесінің көп болуы мал буданының сапалы екендігінің белгісі. Кез келген алдың ет өнімділігін анықтайтын маңызды құрамдас. Әр саулықтан алынатын қозылардың саны көбейген сайын, өнім өндірісі артып, өндіріске кететін шығындар азая түседі. Әсіресе, егіз лақ қоздаған саулықтар өндіріс үшін аса пайдалы. Одан бөлек, австралиялық мериностар арқылы ұрықтанған саулықтардың өнімділігі бастапқыда оңтүстік қазақ меринос қойларына қараған айтарлықтай төмен (3,1%-ке) болғанымен, кейіннен арта түсіп, 5,1%-ға жетті. Саулық төлдерінің өмірге бейімділігі де аталған қой тұқымдарынан кем түскен жоқ. Айта кету керек, оңтүстік қазақ мериностарының өнімділігі өте жоғары саналады. Бұл қой тұқымының 100 саулығынан 120-145 төл алынатын. Сондықтан, қой еті өндірісін арттыру үшін саулықтардың көпұрықты болуының әсері өте көп.

Көпұрықты қой тұқымдары өндірістік будандастыру бағытын дамытуға септігін тигізеді. Ал саулықтардың көпұрықты болуына апаратын негізгі жол – көпұрықты малдардың төлін іріктеп алып отыру. Бірінші қоздаған кезде егіз қозы туған саулықтардың одан кейін де егіз төл туу ықтималдығы жоғары. Егіздің сыңары болып туған саулықтар да егіз қозы қоздауы әбден мүмкін. Бұл ретте шаруалар осы бір заңдылықты ескеруі қажет. Саулықтардың жиі төлдеуіне көптеген паратипикалық факторлар әсер етеді. Мұндай факторларға орта жағдайы, күйлеу маусымы, азық сапасы мен рационы жатады. Дәл саулықтардың күйлеген кезінде олардың азығын жақсартып, көк шөппен азықтандыру қажет. Ал концентраттармен қоректендіру саулықтардың егіз лақ төлдеуіне 20-30%-ке арттыруға ықпалы мол. Малдардың көпұрықтылығын арттыруға бет бұрған кезде дәл осы аталған факторларға баса назар аударуы қажет.

Қандай қой тұқымдарынан егіз төл алу ықтималдылығы мол?

Егіз төл алу әдістерін зерттегенде, қандай қой тұқымдарын будандастырған тиімді деген сұрақ туындайды. Бұл ретте ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, Қарғалы құйрықты саулықтары мен Романов қойларын будандастырғанда қой өнімділігі 116,4% болса, қарғалы құйрықты қошқарларымен будандастырған кезде мұндай нәтиже болмайды (106,5%). Ал кроссбред тұқымдас қой саулықтары (Ақсеңгір тұқымішілік қазақ етті-жүнді қой тұқымы) мен Романов қойларымен қосылғанда, олардың егіз төл өнімділігі 7,9%-ке артық болғаны анықталған. Ал гемпшир-құйрықты қойлары мен Романов қойларынан алынған төлдердің өнімділігі 116,8%-ға тең болған.

Осылайша, Романов тұқымдас қойлары өзге қой саулықтарымен будандастырылған кезде шамамен 9,9%-ға өнімділіктің артуына сеп болған. Ең жоғарғы өнімділік Романов қошқарлары мен қазақ кроссбред саулықтарынан байқалған – 184,8%, сондай-ақ, Романов және Қарғалы құйрықты қойларынан 174,4% көп төл алынған. Бұл ретте аталған қой түрлерін будандастырғанда 100 саулықтан 170 және 168,6% төл алынған. Сонымен қатар, қазақ биязыжүнді ересек саулықтарымен фин ландрас тұқымдас қошқарларымен қосқан кезде бақылаудағы 100 саулықтан 130 төл алынған. Десе де, ескере кететін бір жайт, фин ландрастары саулықтардың өнімділігі әсер еткенімен, ол егіз төлдің сыңары саналатын саулықтармен қосылғанда, өте жақсы нәтиже береді. Ал екінші, үшінші тума саналатын саулықтардың фин ландрастарымен буданы өте жоғары нәтиже берді. 100 осындай саулықтан 201,1-203,3% өнімділік көрсетті.

Жоғарыда атап өткеніміздей, қойлардың егіз төлдеуіне олардың азығы да үлкен әсер етеді. Бұл ретте, құнарлы жайылымның, әсіресе азықтың физикалық құрылымы әсер етеді. Ғалымдардың бірқатар жұмысында қозыларды кішкентай күнінен дұрыс азықтандыруға мән беру керек екендігі айтылады. Әсіресе, толық рационды жеке-жеке түріндегі жем беру арқылы олар өскенде жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы тұста, түйіршектелген азықтың нәтижесі әлдеқайда төмен. Оған қоса, малды шөбі шүйгін, сапалы жайылымдарға жіберіп, азық түрлерін араластыру арқылы өнімділікті арттыруда жақсы жетістіктерде де жетуге болады. Бұл да үлкен білімді, қыруар күшті қажет ететін тәжірибе екенін естен шығармаған жөн.

Еске салсақ, бұған дейін анағұрлым көп өнім беретін қой түрлеріне тоқталған болатынбыз.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын АДЫРБАЙҚЫЗЫ

Алматы облысы,

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.