Былғары өнеркәсібі: қой терісін дұрыс сүрлеудің төрт тәсілі

Былғары өнеркәсібіне жарамды, сапалы қой терісін алудың өзіндік амал-тәсілдері бар. Қой терісін арнайы осы өнеркәсіп үшін пайдаланғысы келетіндер оны сойғанда бірқатар мәселелерге назар аударуға тиіс. Себебі теріні алудың, сақтаудың, оны өңдеуге өткізу алдында сапасына мән берудің өзіндік ережелері бар. Бүгін сол ережелерге егжей-тегжейлі тоқталатын боламыз.

Сапалы теріні алу үшін малды сода үш ережеге жіті мән берген дұрыс. Осы сала мамандарының айтуынша, бұл оңтайлы ережелер теріні бұзбай, сол қалпында сақтауға мүмкіндік береді.

Малды союға ветеринарлық-санитарлық блокта немесе қой қорададағы жеке жайда арнайы орын белгілеу қажет. Сояр алдында малды бүйірімен таза еденге немесе сабанның үстіне жатқызады немесе блоктың көмегімен артқы аятарын байлап, жоғарыға қажетті биіктікке іліп қояды. Бұл малды сойып жатқан адамға қойдың терісін сыпыру ыңғайлы болу үшін жасалады. Одан соң пышақпен мойнынан осып, тамырларын кеседі. Бұл ретте өңешіне пышақты тигізіп алмау қажет. Ал қанын арнайы ыдысқа ағызып алған дұрыс.

Малдың бойындағы қан толық шыққан, басы мен сирақтарын бөлк, кесіп алып, теріні сыпыруға кіріседі. Бұл үшін кеуденің ортасы мен қарын тұсынан құйрыққа дейін бойлай тілік жасап, алдыңғы сирақтарының алдыңғы жақ буынындағы теріні сыпырады. Ал артқы сирақтарынан қарнына дейінгі аралықты сыпыру керек. Теріні қолмен сыпырады. Ал оны еттен жұдырық арқылы, пышақтың сабымен немеса шеті домалақ ағаш күрекшемен бөліп алу қажет. Теріні зақымдап алмас үшін, пышақ қолданбаған абзал. Аяқтағы және қарындағы теріні сыпырып алған соң, тұтас етті артқы аяқтарының сіңірі арқылы іліп қою керек. Осылайша теріні сыпыру процесі аяқталады. Теріде майдың, еттің, сіңірдің орны қалмауы керек. Себебі ондай жағдайда теріне сүрлеу дұрыс жүзеге аспайды. Сол себепті теріні сыпырып алған соң, оны мұқият қарап, онда қалдықтар қалса, оларды пышақтың көмегімен алып тастаған жөн.

Өлген малдың немесе қойды кездейсоқ сойған жағдайда міндетті түрде теріні сыпырып алу үшін мал дәрігерінің рұқсаты қажет.

Теріні қалай сүрлейді?

Сыпырылған терілер сақтау немесе тасымалдау кезінде шіріп кетпес үшін оларды сүрлеп қояды. Бірден сойылған теріні сүрлемейді. Бірақ сойылғанына 2 сағаттан аспауы тиіс.

Теріні сүрлеудің бірнеше тәсілі бар. Олар ылғал тұзды, құрғақ тұзды, тұщы сүрлеу, қышқыл тұзды сүрлеу.

Сүрлеуді теріні ылғалсыздандыру және залалсыздандыру арқылы микрофлораның дамуын тұрақтандыру мақсатында жасайды.

Сүрлеудің ең жеңіл және кең таралған түрі – ылғал тұзды сүрлеу. Теріні шелісін жоғары қаратып ағаш стеллажға орналастырып, оған №2 тартылған тұзды жаңа сойылған терінің салмағының 30-50 пайызына шаққандағы көлемін жағып шығады (шамамен бір теріге 1-1,7 кг). Тұзға кремний фторлы натрий (1-2%), парадихлорбензол (0,4-4%) немесе нафталин (1-2%) секілді залалсыздандыру заттарын қосады.

Тұздалған терілерді шелін жоғары қаратып, штабельге орналастырып, қатар-қатарымен бірінің үстіне бірін қояды. Бұл ретте терінің шеттері мен қатталамаларына абай болу керек. Бұл ретте жиналған терілер күмбез секілді етіп орналсуы керек. Себебі ондағы тұз әбден кеуіп кетуі қажет. Тұздалған терілерді 20 градус температурадан аспайтын жерде 7-10 күн бойы ұстаған жөн. Ал мұндай жайдағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% болғаны дұрыс (бөлме жағдайы).

Одан соң терілерді өңдеу кәсіпорындарына жібереді немесе қосымша қайта тұздап, сақтауға қайта қояды.

Терілерді жалғыз-жалғыздан сүрлеген жағдайда тері баяу жиналса, онда штабельдің ең үстінде жатқан теріні тұзды ерітіндіге салынған қаппен жауып қою керек. Осылайша теріні кеуіп кетуден сақтауға болады. Бірлі-екілі теріні тұздаған кезде оған тұзды көп мөшерде сеуіп, сирақ терісі мен шетін бүгіп, ортасынан бүктеп қою керек. Теріні осылай сақтау шелдің кеуіп кетпей, жақсы сүрленіп шығуына мүмкіндік береді.

Құрғақ тұзды сүрлеу кезінде тері шеліне тұз себеді. Бірақ алдыңғы тәсілге қарағанда тұзды 35-40 пайызға азырақ пайдаланады. Теріні 1-2 күн ғана тұздап, артынша оны тұздан арылтып барып, кептіреді. Жазда таза ауада, ал қыста кептіретін орындарда. Кептірудің бастапқы кезеңінде ауа температурасы 20 градустан аспауы керек. Ал одан кейінгі уақытта 30 градус болуы тиіс.

Тұшы сүрлеу тәсілінде мүлдем тұз қолданбайды. Терілерді құрғақ тұзды сүрлеу тәсіліндегідей кептіріп алады. Алайда мұндай тәсіл алдыңғы екеуіне қарағандар микроағзалардың кесірінен туындайтын шіру және өзге де кемшіліктер бойынша берік болмайды. Бұл тәсілді ыстық және ауасы құрғақ өңірлерде қолдануға болады.

Қышқыл тұзды сүрлеу де ылғал тұзды сүрлеу тәсіліне қатты ұқсайды. Тері шеліне 85-9 пайызы ас тұзынан және 5-7,5 пайызы алюмокалий ашудастары мен хлорлы аммонийден тұратын ерітінді жағады. Сүрлеу 5-7 күнге созылады. Жаңа сыпырылған бір теріге шамамен 350 кг ерітінді кетеді. Аталған тәсіл арқылы сүрленген терілер берік, төзімді және мұндай терілер көп шірімейді және қоршаған ортаның ықпалына да төтеп бере алады.

Одан бөлек, тағы бір тәсілге тоқтала кетсек. Ол қой терісін мұздату. Алайда бұл тәсіл ең қарапайым  болғанымен, терінің зақымдануына әкелетін тиімсіз тәсіл болып саналады. Сондықтан қой терісін сүрлеу үшін бұл жарамсыз.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы

Алматы облысы

Agroqogam.kz

 

 

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.