Былғары өнеркәсібі: қой терісінің қай түрі жарамды?

Былғары өндірісі елімізде ақсап тұрған салалардың бірі екені белгілі. Десе де, бұл салаға қызығушылық танытатындар да аз емес. Осы ретте біз қой терісі туралы пайдалы ақпараттарды назарға ұсынамыз.

Қой терісі оның тұқымына қарай түрлі сапада болады. Сонымен бірге оларды орыс, дала және романов деп үш түрге бөледі.

Орыс қой терісі – барлық қылшықжүнді қойлардан алынатын тері. Олардың қатарына қысқа құйрықты, жіңішке құйрықты, құйрықты қойлар енеді.

Мұндай терінің түктері біркелкі емес, негізінен толқынды, мамығы көп болып келеді. Өлі талшықтары көп.

Дала қойының терілері – құйрықты жартылай қылшықты қойлар мен қаракөл қойларының терісі. Жүні өріле біткен, мамықты және түкті талшықтардан тұрады, сонымен бірге өлі және құрғақ талшықтары да көп болады.

Бұл қой тұқымдарының терісіне қарағанда, романов қойларының терісі құнды болып келеді. Бұл аталған қойлардың тері-жүн ерекшеліктеріне байланысты. Романов қойларының жүні өте қалың (1 см2-қа 5000 талшық), шудасы 1,5-2 см-ге дейін өседі. Осының арқасында оның жүні жұмсақ бола түседі. Тері шелі жұқа, жеңіл бәрақ өте берік. Романов қойының бір терісі 0,5-0,5 кг тартады. Ал одан жасалған жартылай тонның салмағы 2-2,5 кг болады. Салыстырмалы түрде алсақ, басқа қойлардың терісінен жасалған мұндай өнімнің салмағы 5 келіден артық болады.

«Өңделмеген тонға арналған романов қойының терісі» 6192-57 Мемст сәйкес Романов қойларының терісін де бірнеше түрге бөледі. Олар: қозы терісі, бірінші және екінші топтағы қой терісі.Олар келесі талаптарға жауап беруі тиіс.

Қозы терісі – терідегі талшықтар қалың, жұмсақ, шудасынан өскен жүн айтарлықтап өсіп, түбі мамыққа айналған, түсі қоңырқай, сұр, ашық сұр немесе қара түсті болып келеді.

Бірінші топтағы ересек қойлардың терісі – жүні қалыңдау, түлемеген, иленбеген, т.сі ашық сұрдан қара сұрға дейін.

Қой жабынының жоғарғы жағы иленіп қалса, бірақ оны тарауға болса, мұндай терілерді былғары өндірісіне қолдануға болады. Одан бөлек, шеті мен мойын тұсында теңбілі бар терілерді де өңдеуге болады. Мойын, жота және арқа тұсында қара жолақты жүні бар қой терілері да қолданысқа жарамды. Тек олардың қалыңдығы өзгелерден кем болмауға тиіс.

Екінші топтағы ересек қойлар – романов және олардың будандарынан алынған, бірінші топтағы қой терісіне қойыдатын талаптарға сай келмейтін, түлемеген, қой терісі жатады.

Айта кету керек, мұндай қойлардың терісі келесі талаптарға сай келуі тиіс:

•        Жүні шудасынан қатты асып өспеуі керек;

•            Қой терісінің барлық аумағында ешқандай орамдары болмауы тиіс;

•        Қой терісінің негізгі бөлігінде теңбілдер болмауы керек;

•        Жалы азғантай ғана болуы керек;

•        Ауыспалы талшықтары айтарлықтай көп болуы тиіс.

Былғары өндірісінде тон және тонды бұйымдар жасауға келмейтін терілерді былғары шикізаты деп атайды. Оларға жүні біркелі емес, 1,5 см-ден қысқа, сонымен бірге, терідегі жүннің 50 пайыздан астамы түлеген және жүні қатты иленіп, қолмен тарауға келмейтіндей болып кеткен жүндер жатады.

Мұндай шикізат шевро, хром былғары, галантерея өнеркәсібінде, қолғап өндірісінде, аяқ-киім күдерісін жасауда қолданылады.

Қозылар терісіне өлген, өлі туған, сойылған, ауданы 1800 м2 аспайтын терілер жатады. Олардың өзі бірнеше түрге бөлінеді.

Муаре-клям – ауданы 300 м2 болатын, өлі туған немесе түсік арқылы туған, жылтыр түгі бар терілер.

Дала жылтыр түкті терілер – құйрықты қой қозыларының, оның ішінде гиссар, еділбай, жайдар, сараджин,тәжік, алай сынды тұқымды қой қозыларының терісі. Олрдың жалпы көлемі 400 м2-тан аспауы тиіс. Түгі қылшықжүнді, жылтыр немесе ақшылдау, шудалары толық емес, домалақ, жүнінің ұзындығы шамамен 5 см.

Орыс қозыларының жылтыр терісі – қылшықжүнді қозылардың ауданы 400 см2 болатын терілері. Олар болбыр, тегіс емес, домалақ жүнді, орамдары бар, талшықтары қылшықты болып келеді.

Сак-сак терілері – қылшықжүнді қойлардың қозыларынан алынатын, жасы бір айдан жоғары, көлемі де өзгелері секілді 400 м2.

Қозы терілерінің ауданын шығару үшін мойын терісінен бастап аяғына дейін өлшеп, сосын терінің қақ ортасының енін өлшеп, шыққан санды бір-біріне көбейту қажет.

(Жалғасы бар)

Дереккөз: С.Ш. Мирзабеков, А.И. Ерохин, оқулық, «Овцеводство».

Қазақшаға аударған: Айтолқын Адырбайқызы,

Алматы облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.