«Бос жатқан жерлерді қайтарамыз!»

Алматы облысы әкімінің орынбасары өңірде 21 мыңнан астам гектар жер пайдаланылмай жатқанын айтты.

Алматы облысы әкімінің орынбасары аппарат жиынында өңірдегі жер мәселесіне қатысты баяндама жасап, атқарылатын жұмыстар туралы есеп берді. Шенеуніктің айтуынша, облыста 350 жер пайдаланушысының 21 500 мың гектар жері пайдаланылмай жатыр, деп хабарлайды agroqogam.kz тілшісі.

Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда өңір тұрғындары жайылымдық жерлердің тапшылығына наразы.

«Облыс бойынша 672 мың әрі қара, 168 мың жылқы бар, 1 млн 800 мың ұсақ қой бар. АШМ бұрйығымен елдімекен тұрғындарына 2 900 мың гектар жер жайылым қажет. 1 млн 200 мың гектар жайылымдық жерлер ретінде бекітілген.

Ескелді, Еңбекшіқазақ. Панфилов, Іле, Райымбек, Қарасай, Кеген аудандарында қосымша жер бекіту жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай жергілікті халықтың наразылығын тудыруда. Аудан тұрғындары бір қолда үлкен көлемдегі жерлердің болуына наразылық білдіріп отыр»,  -дейді ол.

Сонымен бірге, бірқатар аудандардағы ірі көлемдегі жер иелері өз телімдерінің маңын қазып тастап, заңды бұзып отыр, деп мәлімдеді шенеунік.

«Мысалы Ақсуда «Күреңбел» 10 мың гектар, Кербұлақта «Алатау» 10 мың гектарды алған, Кеген мен Райымбек аудандарында да жеке меншік жер иелері 3 мың гектар, 16 мың гектардан жер алып алғандар бар. Осы жерлерде учаскенің шекарасын бұлар арықпен қазған және мал айдайтын арнайы жерлердің бәрін қоршап алған. Бұл заңға сәйкес келмейді, керісінше жерді құрту болып саналады. Бұған қатысты мен жер басқармасына тапсырма бердім. Қазжет болатын болса, айыппұл салатын боламыз», — деді Жақанбаев.

Шенеунік мұндай жер иелеріне май айдап өтетін арнайы орын қалдыруды талап ету керектігін жеткізді. Жалпы, өңірдегі жер мәселесін қатаң бақылауда ұстау үшін арнайы комиссия құрылған. Одан бөлек облыстық жер инспекциясымен бірге 16 аудан және 1 қала бойынша 450 гектар жерде 175 тексеру жүргізілмек.

«Прокуратурамен бірлесе отырып, пайдаланылмай жатқан 350 жер пайдаланушы телімдері анықталды. 21 500 гектар жер тексеріп, қайтарып алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Облыста жерді пайдалану және қарау жөніндегі комиссия құрылды. Панфилов, Балқаш, Кеген райымбекті тексереміз», — деп баяндады ол.

Өз кезегінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев бұл бірінші кезекте шешілуге тиіс мәселе екенін тілге тиек етіп, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару қажеттілігін атап өтті.

Айтолқын Адырбайқызы,

Алматы облысы

Agroqogam.kz

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите — Ctrl+Enter.