Қазақстанда құрғақшылықтан индексті сақтандыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды.

Фото из открытых источников

Фермерлер 30 сәуірге дейін сақтандыру мүмкіндігін алды. Фермерлер атынан өтінімдер қабылдау мерзімін кейінге қалдыру туралы ұсынысты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жасады. Осындай бастаманы бірнеше қазақстандық сақтандыру компаниялары да көтерген болатын.

«Ауылшаруашылық сақтандыру қауымдастығы» ЗТБ айтуынша мерзімдерді ұзарту мүмкіндігі халықаралық серіктестер – «Swiss Re», «Hannover Re» және «Munich Re» қайта сақтандыру компанияларымен келіссөздер барысында жүзеге асты. Өткен 2020 жылы,  құрғақшылықтан зардап шеккен қазақстандық фермерлерге 535 миллион теңге сақтандыру төлемдері төленді. Сонымен қатар, бүкіл сақтандыру процесі қазақстандық фермерлердің негізгі цифрлық платформасында Qoldau.kz Агро сақтандыру қызметі арқылы онлайн режимінде өтеді.

«Платформаның және ондағы қызметтердің сапасы мен тиімділігі қазақстандық шенеуніктер мен қоғамдық «қамқоршылардың»сұрақтарын тудырып, бірақ әлемдегі ең ірі сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының сұрақтарын тудырмайтындығы таң қалдырады. Ойлап қарасаңыз, «Swiss Re» 1863 жылы құрылған. Немістік «Мюнхен Ре» одан болғаны жиырма жас қана кіші. «Hannover Re» өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында құрылды. Яғни, бұл ғасырлық тарихы бар компаниялар, олардың климаттық жағдайларымен бірге қазақстандық нарыққа шығу арқылы өздерінің беделін және көп ақшасын тәуекелге бастайды – олар Qoldau платформасына сенеді. Тек қана шенеуніктер платформаны дәстүрлі бюрократия мен жала жабуға батыруға тырысып, негізсіз сынайды. Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Біздің Қазақстанда ауылшаруашылық сақтандыру нарығын құра алғанымыздың өзі осы нақты платформаның артықшылығы », – дейді Серік ИБРАЕВ, Ауылшаруашылық сақтандыру қауымдастығының басшысы.

Бұған дейін фермерлердің өтініш беру мен егіндерін құрғақшылықтан сақтандыру мүмкіндігі тек 15 сәуірге дейін болған. Алайда Қорға фермерлерден түскен өтініштердің көбі мерзімдерді ұзартумен байланысты болғандықтан, осы мәселе шешімін тапты.

Бүгінгі, 16 сәуірдегі, Qoldau.kz платформасы мәліметтері бойынша, сақтандыру алаңы 95 мың гектарға жуықтайды. Жалпы фермерлер сақтандыруға 125 миллион теңге жұмсаған. Сақтандыру сыйлықақыларынан түскен тағы 80 миллион теңге мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар болды.

Qoldau.kz платформасындағы сілтеме арқылы сіз сақтандыруға өтінім бере аласыз. Онда сақтандыру процесі туралы нұсқаулар мен бейне нұсқаулар бар. Егер сізде сұрақтар туындаса, сіз Telegram-дағы чатқа (https://t.me/agroinsurance) хабарласа аласыз.

agroqogam.kz

         

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите – Ctrl+Enter.